
Музарт тобының әншілері Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов Алматы қаласының әкімдігіне барып, президент атынан берілген марапаттарды алып қайтты.
Атап айтсақ, Сәкен Майғазиев «Парасат» орденімен, Кенжебек Жанәбілов «Құрмет орденімен марапатталды.
«Марапат кезінде біз қалада болмай қалдық… Әкімшілік шақырып, бүгін арнайы марапатты ұсынды. Негізі Мейрамбек бәріміз бір күнде алуымыз керек еді. Алайда ештен кеш жақсы. Мың рақмет! Құттықтауларыңызды қабыл аламыз. 25 жыл бойы үздіксіз, үзіліссіз аянбай, тынбай қазақтың идеологиясына, мәдениетіне, руханиятына қызмет жасаған Музарт тобына көңіл бөліп жатқанына рақмет айтамыз. Аман болыңыздар», – деді Сәкен Майғазиев.
Бұған дейін, әнші Мейрамбек Беспаев та «Парасат» орденін алған еді.