
«ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жыл үшін акционерлеріне 45,4 млрд теңге дивиденд төледі.
Бекітілген ережеге сәйкес, дивиденд 2025 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығына төленеді. Компанияның әрбір жай акциясына 118 теңгеден дивиденд есептелген.
«ҚазТрансОйлдың» дивиденд алуға құқығы бар акционерлерінің нақты тізімі 2026 жылғы 5 маусымдағы ресми мәлімет негізінде тіркеліп жабылған. Нарық талаптарына сай, дивидендтер тек осы уақытқа дейін тізімге енген акция иелеріне ғана үлестірілді.
«ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жылы 56,6 млрд теңге таза пайда тапқан. Дивиденд төлеуден артылған қаржы компанияны дамытуға жұмсалмақ.
Ұлттық мұнай құбыры операторының 90 пайыз акциясы «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі. Қалған 10 пайызы еркін айналымда жүр.