Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеде жаңа клип түсіреді

Жарияланды 13 Маусым 2026 20:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің туған қаласы Ақтөбеге келіп, жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы өнерпаз өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Әнші өзінің балалық шағы өткен мекенге оралуы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, туған жердің өзі үшін орны ерекше екенін атап өтті.

«Ақтөбеден сәлем. Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті. Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады. Араға жылдар салып, туған жерге табан тіреп келіп қалдым. Бұйырса Ақтөбеде 3 күннен соң жаңа клип түсіремін», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Әзірге жаңа туындының атауы мен қандай әнге клип түсірілетіні белгісіз, алайда түсірілім жұмыстары жақын күндері Ақтөбе қаласында басталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаштың швейцариялық жанкүйері әншінің Ақтөбеде оқыған мектебіне барған еді.

Сондай-ақ оқыңыз