2026 жылдың алғашқы 5 айында экономикалық өсім 3,7 пайызды құрады

Жарияланды 15 Маусым 2026 16:05

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында ЖІӨ өсімі 3,7 пайызды құрады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, бес айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 3,7% болған. Бұл мәлімет премьер-министр Олжас Бектенов өткізген экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі кеңестен кейін жарияланды.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім 9% болды. Машина жасау саласында өндіріс көлемі 22,2% артқан. Қаңтар–мамыр аралығында елде 81 мыңнан астам автокөлік шығарылды.

Химия өнеркәсібі 17,8%, құрылыс материалдарын өндіру 18,7% өсті. Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,6% болды.

Премьер-министр инвестициялық жобаларды іске асыруды күшейту, жаңа өндірістерді уақытылы іске қосу және қолда бар өсім резервтерін тиімді пайдалану қажет екенін атап өтті. Министрлерге қажетті экономикалық өсім қарқынына қол жеткізу үшін барлық шараны қабылдау тапсырылды.

Үкімет басшысы жартыжылдық қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке жауапты болатынын айтты.

2025 жылы Қазақстанның ЖІӨ-сі 6,5% өскен еді. 2026 жылдың қаңтар–наурызында экономика 3%, қаңтар–сәуірінде 3,6% өсті. Олжас Бектенов 2026 жылы экономиканың тұрақты өсімін 5%-дан жоғары деңгейде қамтамасыз етуді тапсырған.

Айта кетейік, 2026 жылдың төрт айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,6%-ға өскен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз