Орталық Азияда интернет жылдамдығы қандай

Жарияланды 16 Маусым 2026 13:35

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Speedtest Global Index-тің 2026 жылғы дерегіне сүйенсек мобильді интернетте Қазақстан көш бастап тұр / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Speedtest Global Index-тің 2026 жылғы дерегіне сүйенсек, Орталық Азия елдері арасында интернет жылдамдығы бойынша екі түрлі картина қалыптасқан. Мобильді интернетте Қазақстан көш бастап тұр, ал тұрақты интернет бойынша Өзбекстан бірінші орынға шыққан.

Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстанның көрсеткіші – 93,68 Мбит/с. Бұл өңірдегі ең жоғары нәтиже. Екінші орында Өзбекстан тұр – 55,19 Мбит/с. Үшінші орынға Қырғызстан жайғасты, ондағы мобильді интернет жылдамдығы 52,64 Мбит/с болды.

Speedtest Global Index · 2026

Орталық Азиядағы интернет жылдамдығы рейтингі

Елдер медианалық жүктеу жылдамдығы бойынша салыстырылды. Мобильді интернетте Қазақстан алда, ал тұрақты интернетте Өзбекстан бірінші орында.

Мобильді интернет

Median download speed, Мбит/с

1
Қазақстан
93,68 Мбит/с
2
Өзбекстан
55,19 Мбит/с
3
Қырғызстан
52,64 Мбит/с

Тұрақты интернет

Fixed broadband, median download speed, Мбит/с

1
Өзбекстан
93,35 Мбит/с
2
Қазақстан
88,10 Мбит/с
3
Қырғызстан
87,14 Мбит/с
4
Тәжікстан
45,10 Мбит/с
Қорытынды: мобильді интернет бойынша Қазақстан өңірде бірінші орында. Ал тұрақты интернетте көш басында Өзбекстан тұр. Қазақстан мен Қырғызстанның fixed broadband көрсеткіші бір-біріне өте жақын. Түрікменстан бойынша ашық дерек болмағандықтан, рейтингке енгізілген жоқ.

Яғни Қазақстан мобильді интернет сапасы бойынша көрші елдерден айтарлықтай озып тұр. Қазақстандағы көрсеткіш Өзбекстаннан шамамен 1,7 есе жоғары.

Ал тұрақты интернетте жағдай басқаша. Бұл бағытта бірінші орында – Өзбекстан. Елдегі fixed broadband жылдамдығы 93,35 Мбит/с деңгейінде. Қазақстан екінші орында – 88,10 Мбит/с. Қырғызстан да Қазақстанға өте жақын нәтиже көрсетті – 87,14 Мбит/с. Тәжікстанда бұл көрсеткіш 45,10 Мбит/с болды.

Осылайша, Орталық Азияда интернет нарығы біркелкі дамып жатқан жоқ. Қазақстан мобильді байланыс инфрақұрылымы жағынан алда болса, Өзбекстан тұрақты интернет бойынша өңірдегі ең жоғары көрсеткішке ие. Ал Қазақстан мен Қырғызстанның fixed broadband жылдамдығы бір-біріне өте жақын.

Айта кетейік, Тәжікстан ресми түрде Starlink спутник интернетіне қосылғанын жазған едік

Сондай-ақ оқыңыз