
Қазақстандық актриса Ақерке Назарова Оңтүстік Кореяда түсіріліп жатқан ауқымды халықаралық туындының басты рөліне бекітілді. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Жаңалық шыққан сәттен бастап желі қолданушылары мен дорама жанкүйерлерін бір ғана сұрақ мазалап отыр: «Азия ханзадасы» рөлінде Ақерке Назаровамен бірге жұп болып ойнайтын кореялық топ-жұлдыз кім?
Қазіргі таңда жобадағы басты ер адам рөлін сомдайтын актердің есімі мен өзге де маңызды мәліметтері әзірге құпия сақталып отыр. Инсайдерлердің айтуынша, тізімде К-драма әлемінің ең танымал әрі сұранысқа ие саңлақтарының бірі болуы әбден мүмкін. Жоба авторлары басты кейіпкердің кім екенін фильмнің ресми тұсаукесеріне жақын қалғанда ғана жариялауды жоспарлап отырған сияқты.
Жобаның сюжеті мен толық актерлік құрамы алдағы уақытта белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Халық әртісі» атағын алған Азат Сейтметовтің кезінде Кореяда Бурак Өзчивиттен озып, үздік актер атанғаны туралы жазған едік.