Қазақстанда 2026 жылғы ең танымал есімдер анықталды

Жарияланды 21 Маусым 2026 12:01

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанда ең танымал есімдер / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Kursiv.Media зерттеуінше, 2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанда қыздарға ең көп қойылған есім – Айлин, ал ұлдар арасында көш басында Алан тұр. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, алты айда 2026 қызға Айлин есімі берілген. Екінші орында тұрған есім – Асылым. 1726 баланың ата-анасы осы есімді таңдаған. Үштікті 1373 қыз балаға қойылған Медина есімі түйіндейді.

Ал Томирис, Айша, Аяла, Мариям, Сафия, Айым және Адия деген есімдер рейтингтің соңына жайғасқан. Тізімге қарасақ, ата-аналар арасында қысқа, әуезді әрі қазақы ортада да, халықаралық ортада да жеңіл айтылатын есімдер сұранысқа ие болып тұр.

Ұлдар арасында ең танымал есім – Алан. 2026 жылдың алғашқы жартысында бұл есім 1131 сәбиге қойылған. Одан кейін Алихан келеді – 891 балаға осы есім берілген. Үшінші орында Мұхаммед есімі тұр, ол 885 рет тіркелген.

Ұл есімдерінің ондығына сондай-ақ Айсұлтан, Алдияр, Хамза, Омар, Альтаир, Мухаммад және Амир кірді. Бұл қатардан дәстүрлі, діни мәні бар және соңғы жылдары жиі таңдала бастаған заманауи есімдердің қатар жүргенін байқауға болады.

Жалпы рейтингте қыз есімдері арасында көшбасшының көрсеткіші ұлдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Айлин есімі Аланнан шамамен 900-ге көп қойылған. Бұл 2026 жылы Айлиннің ата-аналар арасында ерекше танымал болғанын көрсетеді.

Kursiv Media зерттеуінше

2026 жылдың І жартыжылдығындағы ең танымал ұл және қыз есімдері

ҚР ҰСБ мәліметінше, 2026 жылдың І жартыжылдығында ата-аналар ұлдарға ең жиі Алан, ал қыздарға Айлин есімін қойған.

Ұл есімдері

1. АЛАН1131
2. АЛИХАН891
3. МҰХАММЕД885
4. АЙСҰЛТАН878
5. АЛДИЯР846
6. ХАМЗА813
7. ОМАР785
8. АЛЬТАИР776
9. МУХАММАД762
10. АМИР738

Қыз есімдері

1. АЙЛИН2026
2. АСЫЛЫМ1726
3. МЕДИНА1373
4. ТОМИРИС1282
5. АЙША1064
6. АЯЛА1022
7. МАРИЯМ933
8. САФИЯ895
9. АЙЫМ879
10. АДИЯ857
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы. Инфографика: Kursiv Media.
Сондай-ақ оқыңыз