Kaspi Bank акционерлеріне 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлейді

Жарияланды 25 Маусым 2026 09:46

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Kaspi bank 2025 жыл үшін дивиденд төлейді / фото: Kursiv Media

Банктің кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысы 2026 жылғы 24 маусымда осындай шешім қабылдады. Дивиденд мөлшері қарапайым және артықшылықты акциялардың әрқайсысына 1600 теңгеден белгіленді.

Дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша жасалады. Төлем 2026 жылғы 24 маусымда басталады. Банк дивидендті акционерлер жиналысы шешім қабылдаған күннен кейінгі 90 күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді.

Айта кетерлігі, бұл дивиденд Kaspi.kz акциялары немесе ADS қағаздары бойынша төленетін дивиденд емес. Хабарлама тек «Kaspi Bank» АҚ-тың қарапайым және артықшылықты акцияларына қатысты.

Kaspi Bank – Kaspi.kz тобына кіретін банк. Сондықтан 1600 теңге мөлшеріндегі дивиденд Kaspi.kz-тің биржадағы акцияларын ұстаушыларға емес, тікелей Kaspi Bank акционерлеріне төленеді.

KASE дерегінше, Kaspi Bank-тің 5%-дан көп үлесі бар жалғыз ірі акционері – «KASPI GROUP» АҚ. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша оған банктің 17,3 млн жай акциясы тиесілі болған. Бұл – банктің орналастырылған барлық акцияларының 86,74%-ы немесе жай акцияларының 94,56%-ы.

Айта кетейік Kaspi Bank 2026 жылдың 4 айында таза табыс көлемі 147,5 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз