Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаеваға сезімін білдірді

Жарияланды 25 Маусым 2026 11:50

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Фото: instagram.com/aikerim_kalaubaeva_official/ бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Фото: instagram.com/aikerim_kalaubaeva_official/ бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Актер Нұрлан Әлімжанов әнші Әйгерім Қалаубаеваны айға теңеп, қатты сағынатынын айтып, сезімін жеткізді.

Екі әнші бір-біріне деген көзқарастары мен арасындағы үйлесімнің сыры неде екенін ашық айтты.

«Сен боянбашы деймін. Боянбасаң да, сен – айсың… Алты сағат қатты сағындым. «Айкош, қалай маған жетіспей тұр» деп ше», – деді актер.

Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжановқа мұның себептерін ашып көрсетіп берді.

«Өйткені мен саған бағынамын. Тыңдаймын. Сенің не сөйлеп тұрғаныңды аңдып тұрамын. Сенен алға шығып кетпеуге тырысамын. Сенен көп сөйлеп қоймауға тырысамын», – деп жауап берді Әйгерім Қалаубаева.

Нұржан Әлімжанов әріптесінің бұл сөзіне разы болып, өзге әйелдерге кеңес берді.

«Бүкіл әйел Әйгерім сияқты әрекет ететін болса, бәрі бақытты болып кетуші еді. Қазақстанда ажырасу атымен болмас еді», – деді ол.

Әрине, Нұржан Әлімжанов бұл жайт жүргізушілікке қатысты екенін меңзеді. Десе де, өмірде де әйелдер осылай әрекет етсе, жұбайлардың өміріне үйлесімділік келерін тұспалдап жеткізді.

«Сондықтан біз ажыраспаймыз», – деп күлді Әйгерім Қалаубаева.

Айта кететін жайт, Әйгерім мен Нұрланның бір-біріне ғашық жұптар секілді ұдайы бірге жүруі түрлі қауесет тудырып отыр. Әйгерім Қалаубаева Нұрлан екеуінің арасындағы қарым-қатынас туралы жасырмай айтып берген еді. Оның сөзіне қарағанда, олар – «өмір емес,өнер жолында танысқан, тек тойларда табысатын жұптар».

Сондай-ақ оқыңыз