
Қайрат Нұртас әлемдік рекорд орнатуға қатыспақ. Айтуынша, Қазақстан қоғамы есірткіден бас тартуда бұған қол жеткізе алады.
Танымал әнші Астанада өтетін есірткіге қарсы күреске арналған шараға өз үлесін қосатынын жария етті.
«26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай Ішкі істер министрлігінің қолдауымен, заң мен тәртіп тұжырымдамасының аясында Елордада ауқымды шара өтеді. Біз есірткіге «жоқ» деп бірлікте әлемдік рекорд орнатамыз. Мен Қайрат Нұртас осы игі істерді қолдау үшін арнайы барамын. Тарихи сәттің бір бөлшегі бол!» – деп мәлімдеді Қайрат Нұртас.
Айта кететін жайт, 4 мамыр күні Almaty Arena-да отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың концерті дүркіреп өтті. Оған украиналық жұлдыз Светлана Лобода келген болатын.