
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы бірін-бірі танымай кеткен ағайындарының басын қосты.
Ондағы мақсат – әулет адамдарының саяқ жүрмей, бауырлардың бірін-бірін тануы. Ағайын болып араласуы.
«Айында көрмесе, ағайын жат, жылында көрмесе, жекжат жат» деген. Артымда тұрғандардың бәрі өзімнің інілерім. Бір әулет, бір ағайын. Бәрі жастай үйленіп, жан-жақта, отбасы – ошақ қасымен, тұрымтай тұсы, балапан басымен, бір-бірін танымай, бір-бірін көрмей жүргендерін білемін. Солардың бастарын қосып, таныстырып, ағайын екенімізді, бауыр екенімізді білдіріп, бас қосуға шақырған дастархан», – деді Заттыбек Көпбосынұлы.
Үлкен отбасылық бас қосу көңілді өтті. Көптен көрмей кеткен ағайын-туыстар арқа-жарқа болып табысып, танысып, би билеп, той тойлап қайтты.
Заттыбек Көпбосынұлы – әнші, композитор, әрі орындаушы. «Ақмаржан» «Немерем», «Бүлдірген» әндерімен Қазақстанда танымал болған еді.
Заттыбек Көпбосынұлы және бірқатарәншілер Айгүл Иманбаева ұлының үйлену тойы мен немересінің тұсаукесерде ән шырқап, көзге түскен еді.