Мұнай неге күрт арзандады: Brent қайтадан 72 доллар маңына түсті

Жарияланды 25 Маусым 2026 15:48

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Мұнай бағасы күрт арзандады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Мұнай нарығында соңғы апталардағы дүрбелең басыла бастады. Brent маркалы мұнай бағасы 25 маусымда шамамен 72-73 доллар маңына түсіп, Иран төңірегіндегі шиеленіс күшейгенге дейінгі деңгейге жақындады. Reuters дерегінше, Brent фьючерсі 1,46%-ға арзандап, $72,66 болды, ал WTI $69,50 деңгейіне түсті.

Нарықтағы негізгі себеп – Таяу Шығыстан мұнай жеткізуге қатысты қауіптің азаюы. АҚШ энергетика министрі Крис Райт Ормұз бұғазы арқылы өтетін мұнай ағыны соғысқа дейінгі деңгейге жақындағанын, соңғы тәулікте бұғаздан кемінде 20 млн баррель мұнай шыққанын айтты. Бұл инвесторлар үшін маңызды сигнал болды: нарық бұрынғыдай тапшылықтан емес, керісінше ұсыныстың көбеюінен қауіптене бастады.

Қазақстан экспорты үшін маңызды CPC Blend бағасы назарда: Cbonds дерегінше, 25 маусымда Қазақстанның CPC Blend мұнайы $85,94 деңгейінде көрсетілген. Бұл қоспа негізінен Қазақстанда өндіріліп, CPC құбыры арқылы Қара теңіз нарығына жеткізілетін экспорттық маркер саналады.

Тағы да оқыңыз: Ресейде бензин бағасы рекордтық қарқынмен қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз