iPhone 18 ЖИ тапсырмаларын жылдамырақ орындай алады

Жарияланды 29 Маусым 2026 09:10

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: the-geek.ru

Apple компаниясы болашақтағы iPhone 18 смартфондарының жады көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Сарапшы Минг-Чи Куоның мәліметінше, негізгі iPhone 18 және iPhone 18e модельдері 9 ГБ жедел жадымен (RAM) жабдықталады.

Болжам бойынша, смартфондарда әрқайсысы 1,5 ГБ болатын алты жад чипі пайдаланылады. Салыстыру үшін, iPhone 17 моделінде жалпы көлемі 8 ГБ болатын төрт 2 ГБ жад чипі орнатылған.

Жедел жад көлемін арттырудың басты мақсаты – Apple Intelligence жасанды интеллект функцияларының жұмысын жеделдету. Құрылғыда жедел жады неғұрлым көп болса, смартфон жасанды интеллектке негізделген тапсырмаларды соғұрлым жылдам орындай алады.

Сарапшының болжамынша, iPhone 18 Pro және iPhone 18 Ultra модельдері 12 ГБ жедел жадымен шығарылады. Бұл болашақ iPhone желісіндегі негізгі және премиум нұсқалардың басты айырмашылықтарының бірі болуы мүмкін.

Айта кетейік, жаңа камера модуліне байланысты iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max модельдерінің бағасы қымбаттауы мүмкін. Сарапшының айтуынша, реттелетін диафрагмасы бар камераның өзіндік құны қазіргі шешіммен салыстырғанда кемінде 1,5 есе жоғары болады.

Сондай-ақ оқыңыз