
Көршілес Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстандағы күзгі жиын-терін науқаны мен азық-түлік бағасына кері әсерін тигізбейді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мемлекет тарапынан бөлінетін арзан дизельдің арқасында елдегі егіс жұмысы мен баға тұрақты болатынын айтты.
Фрмерлерге мемлекеттен жыл сайын кепілдірілген арзан жанар-жағармай бөлініп отырады. Биыл көктемгі егіс науқанына 402 мың тонна дизель отыны бағытталса, алдағы күзгі жиын-терім науқанына тағы 400 мың тоннаға жуық жанармай қарастырылған.
Осылайша, жылдық жалпы өтінім көлемі 800 мың тоннаны құрап отыр. Көктемгі егістен қалған отынды шаруалар егінді күтіп-баптауға жұмсай алады.
Министрлік бекіткен кестеге сәйкес, елдегі әрбір өңірге нақты бір мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) бекітілген. Қазір зауыттар өндіріс және жөнелту мерзімдерін қатаң сақтап отыр, жеткізу жүйесінде ешқандай іркіліс тіркелген жоқ.
Вице-министр көпжылдық тәжірибеде сыртқы факторлар мен геосаяси ахуалдардың ішкі нарықты отынмен қамтамасыз ету үдерісіне ешқашан теріс әсер етпегенін атап өтті.
Сонымен қатар Ресейдегі отын дағдарысының Қазақстандағы азық-түлік бағасына ықпалына қатысты мәселені де айтып өтті.
Жанармай шығыны ет, сүт өндірісіне қажетті мал азығының өзіндік құнына тікелей әсер ететініне қарамастан, Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өнім бағасының күрт қымбаттамайды деп отыр.
Тұрақты отын көлемі мен бекітілген баға саясаты ішкі азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік бермек.
Украин дрондарының шабуылынан бірнеше мұнай өңдеу зауыттары істен шығып, Ресейде отын тапшылығы орын алды. Қазір әр көлікке құйылатын жанар-жағармай есеппен беріліп жатыр. Оған қоса ірі жүк көліктері Қазақстаннан отын құйып алуға тырысып бағады.