Айгүл Иманбаева қазақтар мен ағылшындардың тұрмысын салыстырды

Жарияланды 29 Маусым 2026 16:09

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: instagram.com/aigul_imanbayeva, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
фото: instagram.com/aigul_imanbayeva, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

45 жасында шетелде студент болып оқып жүрген актриса Айгүл Иманбаева қазақтар мен ағылшындардың тұрмысын салыстырды.

Оның айтуынша, Англия тұрғындары дүние-мүлік жинамайтынына, қарапайым тұратынына таңырқады.

«Мынау үй – кәдімгі ағылшындардың үйі. Ең алғаш Англияға оқуға келген кезде Коунтри деген қалада жатақханада үш ай тұрдым. Сабаққа жаяу кетіп бара жатып, осындай үйлердің алдынан өтемін. Сол кезде «мәссаған, мына есік кішкентай ғой. Мына есікке қазақтар сыймайды. Қазақтардың жиһазы сыймайды», – деппін. Ең бірінші айтқан сөзім сол болды. Қазір күлемін», – деді актриса.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, ағылшындар үйіне жиһаз жинамайды. Дүние-мүлік алмайды. Сосын үйі де, есігі де кішкентай болады. Екі қабатты үйде тұрғанымен, бәрі кішкентай. Баспалдақтары да шағын. Күнделікті өмірге қажет үстел, орындық пен дивандары болмаса, жиһаз атымен жоқ.

«Сонда «неге біз дүние-мүлікті өле-өлгенше жинаймыз» деп ойладым. Біздің есігіміз де, алатын жиһаздарымыз да үлкен. Мүмкін, біздің ұлтымыздың, қазақтың кең дархан пейілі жатқан шығар деп те ойлаймын. Себебі, біз қонақ күткенді жақсы көреміз. Үйімізге адамның келгенін жақсы көреміз. Сұлулықты жақсы көреміз», – деді Айгүл Иманбаева.  

Айта кететін жайт, мұның алдында Айгүл Иманбаева ауласынан тағы да дуаланған қуыршақ пен фотосуретін тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз