85 жастағы жазушы Софы Сматаев «Отан» орденін алды

Жарияланды 30 Маусым 2026 11:06

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Жазушы Софы Сматаев пен Алматы әкімі Дархан Сатыбалды
Қаламгер Софы Сматаевтың қоғамға сіңген еңбегі ескерілді / фото: Алматы әкімдігі

Қазақстанның халық жазушысы, драматург Софы Сматаев «Отан» орденімен марапатталды. Қаламгер биыл 85 жасқа толды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойып, қаламгерге құттықтау жолдады. Оны Алматы әкімі Дархан Сатыбалды оқып берді.

«Марапат Софы Сматаевқа отандық әдебиетті дамытуға қосқан қомақты үлесі және әлеуметтік-мәдени саладағы жетістіктері үшін берілді», – деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мегаполис басшысы жазушыға зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеп, оның бай мәдени мұрасын сақтау маңызды екенін атап өткен.

Софы Сматаев 1941 жылғы 22 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. Оның 85 жасқа толған мерейтойы 30 маусым, сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрында атап өтіледі.

Жазушы «Елім-ай» роман-трилогиясы, «Ақжелең», «Бұлақ», «Жарылғап батыр» романдары мен басқа шығармалары арқылы көпшілікке танылды.

Бір күн бұрын шахматшы Бибісара Асаубаева II дәрешелі «Барыс» орденін алты айдан кейін алған.

Сондай-ақ оқыңыз