
Аптап ыстықта шамадан тыс терлеу тек ауа райының әсерінен ғана болмайды. Бұл зат алмасудың бұзылғанын немесе артық салмақтың белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы эндокринолог, нутрициолог әрі диетолог Алексей Калинчев айтты.
Дәрігердің сөзінше, шамадан тыс терлеу көбіне артық салмағы бар адамдарда байқалады. Бұл зат алмасу ерекшеліктеріне байланысты болады.
«Шамадан тыс терлеу көбіне зат алмасуы бұзылған адамдарда кездеседі. Әдетте бұл артық салмақпен, тіпті семіздікпен байланысты болады. Сондықтан мұндай жағдайда ең тиімді шешім – артық салмақтан арылу», – деді Алексей Калинчев.
Маман аптап ыстықта тек артық салмақтан арылу жеткіліксіз екенін айтады. Сондай-ақ қарапайым сақтық шараларын да сақтау маңызды.
«Ең алдымен, ағзаны қатты қыздырып алмауға тырысу керек. Мүмкіндігінше салқындатқышы бар жерде болған жөн. Күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішіп, жеңіл тағамдарды тұтынған дұрыс. Сондай-ақ ауа өткізетін, жеңіл киім киген жөн», – деді маман.
Осы қарапайым кеңестерді сақтау шамадан тыс терлеуді азайтып, аптап ыстықта адамның жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі.
Еске салсақ, осыған дейін аптап ыстықта жүгіргенде ескеруі керек маңызды кеңестерді ұсынған болатынбыз.