Алматыда онкогинекологтан тегін кеңес алуға болады

Жарияланды 21 Қыркүйек 2026 16:48

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Әйелдер дәрігерден тегін кеңес ала алады/фото: shutterstock

Алматыда әйелдер Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында тегін тексеріле алады. Ашық есік күні кезінде онкогинекологтар аурудың алдын алу бойынша кеңес береді, деп хабарлайды KursivMedia.

Ол үшін әйелдер 26 қыркүйек сағат 09:00-13:00 аралығында Абай даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына баруы қажет. 

Дәрігерлер жасына және қай жерде тіркелгеніне қарамастан, барлық әйелді қабылдайды. Ол жерде жетекші онкогинекологтар кеңесіне алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ медициналық көрсетілім болған жағдайда тексеруден өте аласыз.

Институтқа жеке куәлік ала келу қажет. 

Бұған дейін KursivMedia тілшісі сұхбаттасқан Ұлттық онкология орталығының онкогинеколог дәрігерімен сұқбаттасты. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын екі мыңға жуық әйелден жатыр мойны ісігі табылады

Әйелдердегі онкологиялық ауру жыныстық қатынасқа түскеннен кейін пайда болады деген пікір бар. Дәрігердің сөзінше, жыныстық қатынасқа түспеген қыздарда да әйел жыныс мүшелерінің ісігі кездеседі.

«Жасөспірім қыздарда да аналық без ісігі кездеседі. Ал жатыр мойны ісігінің басты себебі – адам папиллома вирусы. Ол жыныстық қатынас арқылы жұғады. Яғни, жыныстық қатынасқа түспеген қыздарда кездеспейді. Жатыр денесінің қатерлі ісігі (эндометрий ісігі) де көп жағдайда жыныстық қатынастан кейін пайда болады», – дейді Ақмарал Мұхтарқызы.

Сондай-ақ гинекологиядағы қатерлі ісіктің кей түрі гормондар бұзылысынан да пайда болады.

Сондай-ақ оқыңыз