Уланған қазақ балалары: Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Жарияланды 3 Қараша 2026 16:19

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Фото: Өзбекстан денсаулық сақтау министлігі

Өзбекстанда Ташкент қаласында жүрген қазақстандық жас футболшылар мен оларды ертіп барған азаматтарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Олардың бойынан жедел диарея белгілері байқалып, барлығы мамандандырылған ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізіп, ем тағайындады, деп жазады Kursiv.Media.

3 қарашадағы жағдай бойынша медициналық көмекке барлығы 20 адам жүгінген. Олардың барлығы тиісті медициналық мекемелерге жеткізіліп, білікті көмек алған.

Қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында. Оларды емдеуге қажетті жағдай жасалып, медициналық көмек белгіленген стандарттарға сәйкес толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Бүгінде екі адам ауруханадан шығарылған. Қалған 18 науқастың жағдайы тұрақты әрі қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Реанимациялық көмекті қажет ететін пациенттер жоқ.

Жағдайы жақсара берсе және медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, қалған науқастарды алдағы күндері ауруханадан шығару жоспарланып отыр.

Өзбекстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары оқиғаның нақты себебін анықтау үшін зертханалық тексерулерді жалғастырып жатыр.

Қарағандыдан Ташкентте өткен футбол турниріне барған бір топ бала уланып, ауруханаға түскенін жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз