
Жапониялық SoftBank жасанды интеллект нарығына тағы да ірі қаржы тартуды көздеп отыр. Reuters жазуынша, компания OpenAI-дегі үлесін кепілге қойып, 10 млрд доллар қарыз алу бойынша банктермен келіссөзді қайта бастаған.
Бұл келісімге Goldman Sachs, JPMorgan және Mizuho сияқты ірі қаржы ұйымдары қатысуы мүмкін. SoftBank соңғы жылдары жасанды интеллектке белсенді инвестиция құйып келеді.
Нарық үшін бұл жаңалықтың мәні үлкен. OpenAI енді тек технологиялық компания ғана емес, ірі қаржы келісімдерінде кепіл ретінде қолданылатын аса құнды активке айналып отыр.
Сонымен қатар бұл AI саласындағы бәсекенің қаншалықты қымбаттап кеткенін көрсетеді. Үлкен модельдерді дамыту, дата-орталық салу және чип сатып алу үшін компанияларға миллиардтаған доллар қажет. Сондықтан жасанды интеллект нарығындағы жарыс енді тек технология емес, үлкен капитал жарысына да айналды.
Тағы да оқыңыз: OpenAI өз чипін шығарды: Nvidia-ға тәуелділік азая ма?