iPhone-ның 20 жылдығы құрметіне Apple тағы бірнеше жаңа өнім ұсынады

Жарияланды 2 Шілде 2026 15:29

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
iPhone және Apple өнімдері
Технологиялық компания өнімдері / фото: X/Apple Hub

Apple компаниясы бүкіл әлемге танымал iPhone смартфонының 20 жылдығын ауқымды көлемде атап өтеді. Соған байланысты 2027 жылы бірқатар жаңа өнім ұсынуды көздеп отыр.

Компания ішіндегі жұмыстармен таныс дереккөздердің Bloomberg-ге айтуынша, Apple қазір төрт жаңа iPad Pro үлгілерін сынап көріп жатыр. Өнімдер 2027 жылғы көктемде саудаға түсуі керек. Олардың көлемі бұрынғыша қалады, бірақ іші айтарлықтай өзгереді. Мәселен, соны үлгідеді планшеттерге жылдам чиптер орнатылады.

Бұған қоса, технологиялық компания бағасы арзан MacBook Pro-ның жаңарған нұсқасын дайындап жатыр. Ол да келесі жылдың алғашқы жартысында көпшілікке ұсынылады. Ноутбук дизайны өзгеретіні мәлім. Қымбатырақ нұсқаларына сенсорлы экран орнатылады.

Apple алғашқы M7 процессорын да келесі жылдың басында ұсынуды жоспарлаған. M6-ға қарағанда, жаңасы жасанды интеллект саласындағы күрделі мақсаттарды орындауға сай болуы тиіс.

Компания үшін 2027 жыл ең көп өнім ұсынатын кезеңге айналғалы тұр. Смартфонның жиырма жылдығы құрметіне жаңа iPhone, екінші буынға сай бүктелетін Айфон, алғашқы ақылды көзілдірік және ақылды үйге арналған жаңа құрылғылар саудаға келесі жылы түседі.

Стив Джобс алғашқы iPhone-ды бүкіл әлемге 2007 жылғы 9 қаңтарда таныстырған. Смартфон АҚШ-та 29 маусымда сатыла бастаған. Соған байланысты құрылғы мерейтойы жазға белгіленген.

Жақында ғана екі бүктелетін Бүктелетін iPhone шығарғалы жатқан Apple басшысы бағаны көтеретінін алдын ала ескерткен. Өйткені әлемде чипке сұраныс артып, айтарлықтай тапшылық пайда болған.

Сондай-ақ оқыңыз