Петропавл әкімдігі маңындағы субұрқаққа жалаңаш түскен тұрғын жазаланды

Жарияланды 4 Шілде 2026 10:01

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Петропавл қаласындағы субұрқақ
Петропавл қаласындағы субұрқақ / фото: Instagram/pkzsk

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдік ғимараты маңындағы субұрқаққа жалаңаш түскен ер азамат 15 тәулікке қамалды.

Оқиға Петропавл қаласында 2 шілдеде түн жарымында болған. Орта жастағы бір ер азамат субұрқаққа тыржалаңаш түскен. Қоғамдық орындағы оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялады.

Желіде тараған бейнероликтерден тұрғынның денесін ғана емес, ішкиімін де субұрқаққа жуып алғанын көруге болады.

Қала тұрғындарын ерсі әрекетімен шошытқан ер азаматты полиция қызметкерлері тез іздеп тауып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартты. Ол 15 тәулікке қамалды.

Петропавл тыныштығын бұзған азамат сол күні сыра көп ішкенін, суға түскені есінде қалмағанын айтып, қала тұрғындарынан кешірім сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз