Microsoft 4 800 қызметкерін қысқартады

Жарияланды 7 Шілде 2026 10:05

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Microsoft қызметкерлерін қысқартпақ / фото: WindowsCentral.com

Microsoft тағы да ірі қысқартуды бастады. Reuters мәліметінше, компания 4 800 жұмыс орнын қысқартпақ. Бұл компанияның жаһандық қызметкерлерінің шамамен 2,1%-ы.

Қысқарту негізінен Xbox ойын бизнесіне және коммерциялық сатылым бөлімдеріне әсер етеді. The Verge дерегінше, Xbox бағытында шамамен 1 600 адам жұмыстан босатылған.

Компания мұны шығынды оңтайландыру және ресурсты маңызды бағыттарға қайта бөлу қажеттігімен түсіндіреді. Microsoft қазір жасанды интеллектіге, Azure бұлтты қызметіне және дата-орталық инфрақұрылымына көп қаржы құйып жатыр.

Дегенмен бұл «AI адамдарды тікелей алмастырып жатыр» деген сөз емес. Бірақ жасанды интеллектіге салатын қаржы артқан сайын Big Tech компаниялары басқа бөлімдердің шығынын қысқартуға мәжбүр болып отыр.

Microsoft үшін енді басты сұрақ – AI-ға құйылған миллиардтаған инвестиция қаншалықты тез табыс әкелетінінде болып отыр. Егер Copilot, Azure AI және басқа өнімдер күткен нәтиже берсе, компанияның қазіргі стратегиясы ақталуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: Samsung чиптердің арқасында рекорд табысқа жақындады.

Сондай-ақ оқыңыз