Қазақстанда бір ғана аңыз адам бар – Гүлзира Айдарбекова

Жарияланды 8 Шілде 2026 09:09

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованың пікірінше, Қазақстанда бір ғана аңыз адам бар.

Әрине, ол – ұлы. Айтуынша, оны концертінде 100 мың адам күткен.

Сонымен қатар, Гүлзира Айдарбекова әншіге деген халықтың ықыласы ерекше екенін атап өтті.

Бұған бейне-айғақ та жариялады. Сахнада ән айтып тұрғанда 91 жастағы бір әжей келіп, әннің аяқталуын күтпестен Қайрат Нұртас микрофонын алып, бата береді. Осы сәтті пайдаланып, әншіге сын айтатындарға да жауап бере кетті.

«Апам Қайраттың ән айтып болғанын күтуге шыдамады-ау. Батасын беруге асығып тұрғаны – жақсы көріп тұрғаны. Күндестер фонограмма деп жазудан шаршамайды. Жанды дауысын фонограммадан айыру қиын-ау. Осылай сынап көрсеңіздер болады, мін іздегіштер», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Мұның алдында Қайрат Нұртастың анасы мен жарын тойда бірге көрген көрермендер қуанып қалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз