
«Өнер қырандары» театрының актері Мадияр Серікбаевқа әйелі Дана Тұрарбек қымбат Li автокөлігін сыйлады.
«Адал жарыма арманындағы көлік. Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір» деп жазды Дана Тұрарбек әлеуметтік желіге.
Бейнежазбада актердің көлікті көріп, балаша қуанған сәті бейнеленген. Әйелін құшақтап, шаттықтан секіре береді. Сыйлыққа алған көлігін сипалап, көз жасына ерік береді.
Мадияр Серікбаев ризашылық білдіріп: «Барлық еркек бақытты болуға лайықты» деп жазба қалдырған.
Көлік иесіне құттықтаулар көп келіп түсіп жатыр. «Ер адамдарға жұғысты болсын» деген тілектер айтылуда.
«Осы көлікке қолы жетпей жүрген жоқ. Бастысы көңіл бөлуде. Әйелдің назары еркекке қатты керек. Балаларынан бетер. Бақытты болыңдар!» – деп пікір қалдырған оқырмандары.
Айта кететін жайт, «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының Шымкентке жоспарланған гастрольдік сапары дауға айналды.