
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қазақстандықтар 2026 жылдың тамызында 10 күн демалады. Бұл – сенбі және жексенбідегі демалыс. Ал аптасына 6 күн жұмысқа баратындарды жексенбідегі бес демалыс күні күтіп тұр. Биылдан бастап қазақстандықтар 31 тамызда демалмайды.
Айта кетейік, шілдеде жаңа Конституция күшіне енді. Соған байланысты Конституция күні енді 15 наурызда тойланады.
Тамыздағы кәсіби мерекелер
Тамыздың алғашқы жексенбісінде Теміржол қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Ал тамыздың екінші жексенбісі – құрылысшылар күні.
Шекарашылар күні 18 тамызда тойланады. Ал тамыздың соңғы жексенбісінде шахтер күні бар.
Абай күні
2017 жылдан бастап 10 тамыз ресми түрде Абай күні болып бекітілді. Бұл күні ел бойынша түрлі әдеби кештер, ғылыми конференциялар, поэзия оқулары мен мәдени шаралар өтеді.
Жазда демалуды жоспарлап жүрсеңіз, Көлсай мен Қайыңды көлдері маңында демалу қанша тұратынын мына жерден біле аласыз.