Атырау бастаған төрт өңірдің экономикасы төмендеді

Жарияланды 13 Шілде 2026 15:02

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Карта Казахстан / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы
ҚР өңірлер экономикасы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті. Соған қарамастан, өңірлердегі жағдай біркелкі болмады: төрт облыста жалпы өңірлік өнім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген.

Ең үлкен құлдырау Атырау облысында тіркелді. Өңір экономикасы бір жылда 12,1%-ға қысқарды. Батыс Қазақстан облысында төмендеу 8,1%, Ақмола облысында 5,3%, Шығыс Қазақстан облысында 3,4% болды.

Ал ең жоғары өсімді Солтүстік Қазақстан облысы көрсетті — 12,9%. Жамбыл облысының экономикасы 11,7%-ға, Ұлытау облысы 11,4%-ға өсті. Түркістан облысында өсім 9,6%-ды, Астана мен Шымкентте 8,9%-ды құрады.

Бұл деректер республика экономикасы жалпы өскенімен, өсімнің өңірлер арасында әркелкі қалыптасқанын көрсетеді. Әсіресе мұнайлы батыс облыстарындағы төмендеу жалпы экономикалық динамикаға кері әсер еткен.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанның экономикасы қай өңірлерге ауып жатыр?

Сондай-ақ оқыңыз