«Нұр-Мұқасан» тобындағы төбелес: Мұқасан Шахзадаевтың көмекшісіне сот үкімі шықты

Жарияланды 15 Шілде 2026 14:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Коллаж: kursivmedia, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы қаласында әнші Мұқасан Шахзадаев пен «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен арасындағы дау-дамайға қатысты сот шешімі шықты. Топтың жаңа әншісін соққыға жыққан Мұқасан Шахзадаевтың жеке көмекшісі Азамат Есеркенов айыппұл арқалады.

Сот шешімі мен айыппұл көлемі

Сот отырысының қорытындысы бойынша, Ғалымжан Сүлейменге дене жарақатын салып, күш көрсеткені үшін айыпталушы Азамат Есеркеновке 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Осыған дейін қоғамда қызу талқыланған істе танымал әнші Мұқасан Шахзадаевтың да есімі аталып, желі қолданушылары арасында түрлі болжамдар жасалған еді. Алайда құқық қорғау органдарының тергеу амалдарынан кейін әншінің қылмысқа тікелей қатысы жоқ екені белгілі болды.

Төбелес неден басталды?

«Нұр-Мұқасан» тобының төңірегіндегі шулы оқиға мен қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат алғаш рет 2025 жылдың қарашасында тараған.

2025 жылдың 22 қарашасында топтың жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, белгілі бір келіспеушіліктерден кейін бірнеше адам оны соққыға жыққан.

Алғашында қылмыстық іс аясында Мұқасан Шахзадаевтың да жауапқа тартылуы мүмкін екені айтылғанымен, кейіннен тергеу нәтижесінде ол бұл істе тек куәгер ретінде танылды. Жанжалға тікелей қатысы бар деп әншінің әкімшісі Азамат Есеркенов айыпталды.

Сондай-ақ оқыңыз