
18 шілдеден бастап цифрлық теңге Қазақстанның заңды төлем құралы ретінде ресми қолданысқа енгізіледі. Ол ұлттық валютаның қолма-қол және банктік шоттағы ақшамен қатар қолданылатын цифрлық нұсқасы болады.
Цифрлық теңгені шығару, айналымын ұйымдастыру және өтеу құқығы тек Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі. Барлық операция Ұлттық банктің арнайы платформасында ашылатын цифрлық шоттар арқылы жүзеге асырылады.
Платформаға банктер, Қазынашылық комитеті, Орталық депозитарий және басқа да төлем ұйымдары қатыса алады. Клиенттер цифрлық шот арқылы ақша қабылдап, басқа пайдаланушыларға аударып, банктік шотқа шығара немесе қолма-қол ақшаға айырбастай алады.
Цифрлық теңгемен жасалатын төлемдер шоттағы қаражат көлемімен шектеледі. Ал ақша жинауға арналған депозиттік немесе жинақтаушы цифрлық шот ашуға рұқсат етілмейді.
Тағы да оқыңыз: Криптовалютамен QR арқылы төлем жасау мүмкіндігі енгізілмек.