Депутаттыққа ұсынылған Тамара Асар президенттен құттықтау хат алды

Жарияланды 17 Шілде 2026 11:27

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Тамара Асар 50 жасқа келді/фото: Instagram, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жақында ғана депутаттыққа кандидат болып тіркелген әнші Тамара Асар мерейтойына президенттен құттықтау хат алғанын жазып, мемлекет басшысына алғыс айтты.

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар 16 шілдеде 50 жасқа келді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арнайы құттықтау хаттамасын алдым. Құттықтау хатын  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет болды», – деп жазды әнші.

Бұған дейін «Қазақстан Халық партиясы» құрылтай депутатты болуға 72 кандидатты тіркеді. Ішінде әнші Тамара Асар мен Аша Матай атымен белгілі Ақбота Асқарбекова да бар.

Сондай-ақ оқыңыз