
Актер әрі ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтардың жанкүйерлері блогер, модель Дарья Подгорная (Маркиза) оған кім болып келетінін білмей дал. Бүгінде екеуі шетелде бірге жүргеніне ешқандай күмән қалмады.
Олар бір жерде жүргенін ашық айтпаса да жасыруға тырысып жатқан жоқ. Бірдей локациядан сурет салады, бір бірінің затын ұстап, киімін киіп жүреді. Тіпті Еркебұлан бір видеода көзәйнегі арқылы күнге қыздырынып жатқан қыздың сұлбасын көрсетеді. Кейін «сырымды ақтардың» ғой дегендей көзәйнегін әзілдеп ұрғылайды.

Махаббаттан гөрі маркетинг
Десе де желі қолданушылары жастарды бірауыздан қосуға асығар емес. Оларды жұп деп санайтындар некен-саяқ. Махаббаттан гөрі маркетинг деп жатқандар жетеді. Көпшілік Дарьяны Еркебұланның жуырда ашқан маркетингтік компаниясының клиенті болуы мүмкін деп санайды.
«Еркебұлан Тоқтар маркетологтармен бірге жаңа компания ашыпты, олар кез келген брендті дөңгелетеді. Бірнеше күн бұрын ол алғашқы «жобадан/клиенттен» түскен бір бума ақшаны көрсеткен еді. Ал ол клиент – әнші қыз екен, олар шоу ұйымдастырып жатыр, ал қарапайым халық бұған сеніп қалады Әрі бұл – оның өз кеңсесіне мұқият іріктеп жұмысқа алған маркетологтар командасының еңбегі», – дейді Даяна есімді трендс қолданушысы.
Расында да Тоқтар жақында ғана «Toqtar.rec» деген маркетингтік компания ашқан. Актердің өзі мұны жобаларын өзінің қатуынсыз жүргізу үшін ашқанын айтады. Шоумен кейінгі кезде көптің назарынан шаршағанын, алдағы уақытта кәсіптері өзінің жеке қатысуынсыз жүргенін қалайтынын атап өткен.
Дария Подгорная көптің назарына түсіп, шулы оқиғаларға тап болып үлгерген блогер. Музыкамен айналысатыны бар. 2023 жылғы «Мис Қазақстан» байқауының қатысушысы. Жуырда ғана полиция қызметкерлері өзіне әкімшілік хаттама толтырып жатқан сәтте видео түсіріп, онысы тез арада вирусқа айналған.
Ал 2026 жылдың басында Instagram-дағы парақшасында жеткізу қызметінің курьерін сексуалды қысым көрсетті деп айыптаған. Блогердің сөзінше, ер адам гүл әкелдім деген сылтаумен пәтеріне кіріп, оның әурет жерінен ұстаған. Дарья полицияға арызданып, кейіннен курьер жауапкершілікке тартылды.