Сатылымдағы дайын жаңа үйлер саны 2,2 есе азайды

Жарияланды 21 Шілде 2026 10:45

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Жаңа үйлер хабарландырулары азайып барады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

AERC сарапшылары Krisha.kz сайтындағы хабарландырулар арқылы жаңа тұрғын үй бағасының өзгерісін бақылап отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы маусымда Қазақстандағы жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы бір шаршы метріне 617 555 теңге болды. Бір ай ішінде баға 0,7%-ға өскен.

Ал Krisha.kz сайтындағы 30 маусымдағы хабарландырулар бойынша салынып жатқан жаңа үйлердің орташа бағасы бір шаршы метріне 594 927 теңгені құрады. Бұл мамырмен салыстырғанда 1,4%-ға төмен.

Жаңа үйлер туралы хабарландырулар саны

Тұрғын үй санаты мен қалалар бойынша

Қала Элит Бизнес Комфорт Эконом Барлығы
Қазақстан бойынша 21 110 229 13 373
Астана 1 39 88 1 129
Алматы 13 14 40 5 72
Шымкент 15 23 1 39
Ақтау 3 9 11 23
Ақтөбе 2 13 15
Атырау 1 6 5 12
Жезқазған 1 1 2
Қарағанды 2 6 7 15
Көкшетау 1 1
Қонаев 1 1 2
Қостанай 1 3 5 2 11
Қызылорда
Павлодар 1 1
Петропавл 1 4 5
Семей 1 2 3
Талдықорған
Тараз 1 2 3
Түркістан 2 2
Орал 2 2
Өскемен 8 5 13
Басқа қалалар 2 17 4 23
Шетелдегі жылжымайтын мүлік 13 13

Дереккөз: AERC, Krisha.kz сайтындағы хабарландырулар. Шетелдегі жылжымайтын мүлік Қазақстан бойынша жалпы көрсеткішке кірмейді.

Пайдалануға берілген дайын жаңа үйлердің орташа бағасы 529 333 теңге болды. Бір айда баға 1,6%-ға арзандаған.

Сонымен қатар сатылымдағы дайын жаңа үйлер туралы хабарландырулар күрт азайды. 2025 жылғы маусымда Krisha.kz сайтында 815 хабарландыру болса, 2026 жылғы маусымда олардың саны 378-ге дейін қысқарған. Яғни бір жылда шамамен 2,2 есе азайды.

Ұсыныс азайғанымен, дайын жаңа үйлердің орташа бағасы бір жыл ішінде 14%-ға өсіп, бір шаршы метріне 529,3 мың теңгеге жетті.

Ең қымбат дайын жаңа үйлер Алматыда сатылып жатыр. Мұнда бір шаршы метрдің орташа бағасы 840,5 мың теңге. Ал Астанада бұл көрсеткіш 487,4 мың теңгені құрайды.

Бұл мәліметтер бүкіл тұрғын үй нарығын емес, тек Krisha.kz сайтындағы хабарландыруларды қамтиды.

AERC болжамынша, алдағы айларда жаңа тұрғын үй бағасы өңірге және үйдің санатына қарай әртүрлі өзгеруі мүмкін. Бағаға құрылыс материалдарының қымбаттауы, жаңа үйлердің пайдалануға берілу қарқыны, нарықтағы ұсыныс пен құрылыс компанияларының белсенділігі әсер етеді.

Айта кетейік, «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы тамызда басталады.

Сондай-ақ оқыңыз