
«Реал Мадрид» пен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе мен танымал испан актрисасы Эстер Экспосито Париждегі элитті сән дүкендерінде көзге түсті.
Париждегі шопинг
Өткен демалыс күндері 27 жастағы футбол жұлдызы мен оның сүйіктісі Франция астанасының көшелерінде бірге серуендеп, француздық сән үйлері Dior мен Jacquemus дүкендеріне барды. Backgrid агенттігі жариялаған суреттерде Мбаппе Dior брендінің ақшыл-сары сұр түсті ұзын жеңді жейдесі мен күңгірт шалбар кисе, 26 жастағы актриса денеге қонымды қара киім, күннен қорғайтын көзілдірік және торлы орамал таққан.
Әлем чемпионатынан кейінгі демалыс
Франциядағы шопингке дейін ғашықтар АҚШ-тың Майами қаласында да бірге демалып қайтқан еді.
Еске сала кетейік, 18 шілдеде Майамиде Франция құрамасы Мундиалдың 3-орыны үшін өткен матчта Англияға 4:6 есебімен жол беріп, турнирді 4-орынмен аяқтады. Бұл ойында Мбаппе 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген болатын. Жалпы турнир бойы 10 гол соққан француз шабуылшысы Әлем чемпионатының «Алтын бутсы» жүлдесін жеңіп алды.
Эстер Экспосито кім?
2000 жылы Мадридте дүниеге келген Эстер Экспосито Netflix-тің танымал «Элита» сериалындағы Карла Росон рөлімен әлемге танылған актриса. Сериалдан кейін де бірқатар ауқымды киносериалдарға түсіп, сән және косметика брендтерінің сұранысқа ие моделіне айналды.
Бүгінде актрисаның әлеуметтік желілерде 24 миллионнан астам оқырманы бар. Ол YSL Beauty мен Dolce & Gabbana сияқты әлемдік брендтердің ресми жарнамаларына түсіп келеді.
Оқи отырыңыз: Мбаппе EA Sports FC 27 ойынының мұқабасына қайта оралды.