
Freedom Ticketon ұсынған 23-26 шілде аралығындағы кассалық түсімдер қорытындысы бойынша отандық кинотеатрларда үлкен өзгерістер орын алды. Прокатқа жаңадан шыққан режисер Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмі алғашқы демалыс күндері-ақ рекордтық көрсеткіш орнатып, Box Office көшін бастады.
- «Одиссея» – 1-аптада 656 425 361 ₸ жинап, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.
- «Миньоны и монстры» 3-аптада 98 158 650 ₸ жинап, екінші сатыға жайғасты.
- «Бишарашки в Индии» 5-ші аптасында де өз көрерменін жоғалтпай, 40 103 950 ₸ қосты.
«Одиссея» – әйгілі режиссер Кристофер Ноланның Гомердің классикалық эпосына негізделіп түсірген ауқымды картинасы. Түсірілім толығымен IMAX форматтағы 70-мм таспада жүргізіліп, режиссерге тән визуалды эффектілер мен шынайылықты барынша сақтаған. Сюжет Троя соғысынан кейін үйіне оралуға тырысқан Одиссейдің қауіпті де шытырман саяхатын баяндайды.
Голливудтың ең үздік актерлік құрамы жиналған туынды көрермендер мен кинокритиктер тарапынан жылдың ең басты блокбастері деп бағаланып отыр.