Теңге бір апта бойы құнсызданып келеді

Жарияланды 29 Шілде 2026 16:42

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Теңге бір апта бойы құнсыздануда / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстан қор биржасында доллар өткен бейсенбіден бері қымбаттап келеді. Бүгін Алматы қаласының уақытымен сағат 16:33-те USD/KZT бойынша баға 477 теңгеге жетті.

Доллардың онлайн бағамы
USD/KZT · нарықтағы соңғы қолжетімді баға

Сауда барысында доллар 476,23–478,20 теңге аралығында өзгерді. Сауда көлемі 247 млн доллардан асты. Өткен бейсенбідегі 470 теңгемен салыстырғанда америкалық валюта 7 теңгеге немесе 1,49%-ға өсті. Осылайша теңге бір апта бойы құнсызданып келді.

Kurs.kz мәліметі бойынша, айырбастау пункттерінде доллар мына бағамен ұсынылған:

  • Алматыда — сатып алу 475 теңге, сату 477 теңге;
  • Астанада — сатып алу 474 теңге, сату 476 теңге;
  • Шымкентте — сатып алу 474 теңге, сату 476 теңге

Сондай-ақ оқыңыз