Tamyr Platform байқауы: үздік білім беру жобаларына 10 млн теңге грант беріледі

Жарияланды 30 Шілде 2026 20:23

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Білім беру жобаларына 10 млн теңге грант беріледі / Фото: Tamyr Platform

Балалар мен жастарға арналған білім беру жобаларын 10 миллион теңгеге дейінгі грант есебінен дамытып, ауқымын кеңейтуге мүмкіндік туды. Қазақстанда білім беру бастамаларын қолдауға бағытталған Tamyr Platform грант байқауына өтінім қабылдау басталды.

Конкурсқа іске асырылып жатқан, алғашқы нәтижесі бар, аяқталған пилоты немесе дайын өнімі бар жобалар қатыса алады. Өтінімді 21 жастан асқан жеке және заңды тұлғалар бере алады.

Олардың қатарында білім беру стартаптары, мұғалімдер, студенттер, сондай-ақ қосымша, кәсіптік бағдар беру және инклюзивті білім беру орталықтары бар.

Байқаудың басым бағыттары:

  • Сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру;
  • Білім беру технологияларын енгізу;
  • Педагогтерді қолдау;
  • Инклюзивті және қауіпсіз білім беру ортасын дамыту.

EA Charity Fund директоры Айдар Бөрібаевтың айтуынша, ұйымдастырушылар мәселенің өздігінен шешілуін күтпей, әрекет ететін командаларды қолдауды көздейді. Бұрыннан жұмыс істеп тұрған, оқушылар, студенттер мен мұғалімдерге көмектесетін жүйелі жобаларға басымдық беріледі.

Өтінімдер 2026 жылдың 30 шілдесі мен 31 тамызы аралығында қабылданады. Конкурс қорытындысы бойынша 5-тен 7-ге дейінгі жоба таңдалып, әрқайсысына 10 млн теңгеге дейін грант бөлінеді. Жеңімпаздар 10 қыркүйекте белгілі болады.

Бұған дейін алматылықтарға бизнес ашуға 1,7 млн теңгеге дейін грант берілетіні жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз