Димаш Құдайберген жаңа «Aqerke» бейнебаянының шығатын уақытын жариялады

Жарияланды 31 Шілде 2026 10:33

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Димаш Кудайберген получил банковскую карту со своим лицом и 100% кэшбеком
Фото: kursiv.media

Димаш Құдайберген «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаянның премьерасын жариялады. Өнер иесі көптен күткен клип бүгін, 31 шілдеде, өзінің YouTube арнасына шығатынын хабарлады.

Бейнебаянның тұсаукесері Алматы уақытымен сағат 11:00-де өтеді. Димаш тыңдармандарына қазақ, ағылшын және испан тілдерінде үндеу жолдап, жаңа музыкалық жобасын бірге тамашалауға шақырды.

«Көптен күткен сәт келді… Ертең сағат 11:00-де (Алматы уақыты) YouTube арнамда «Aqerke» бейнебаянының премьерасы болады. Дайынсыздар ма?», – деп жазды әнші.

Еске салайық, 30 шілдеде Жапонияның Kiryu FM радиостанциясы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының кезекті арнайы шығарылымын ұсынды. Бағдарлама аясында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Aqerke» халық әнінің жаңа нұсқасы алғаш рет радио эфирінен берілді.

Сондай-ақ оқыңыз