Динара Сатжан балағат сөз жазатындарды орнына қоюдың жолын көрсетті

Жарияланды 5 Тамыз 2026 09:54

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Динара Сәтжан жетістікке еңбекпен жеткенін алға тартты/фото: instagram
Динара Сәтжан сот барысынан ақпарат берді/фото: instagram

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Динара Сатжан әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан ақтөбелік әйелмен соттасып жатыр.

Бұған дейін желіде Бағдагүл есімімен танымал блогер видео жариялады. Содан кейін Динара Сатжан Instagram парақшаларында жазба жариялап, «емшіні» балағат сөздер айтты, жалған ақпарат таратты және заңды белшесінен басты деп айыптады.

Журналистің айтуынша, ақтөбелік Бағдагүл Лепесова сот отырысында Динара Сатжанды танымайтынын мәлімдеген. Бұл туралы Динара Сатжан Instagram парақшасында айтты.

«Маған оның жаңа тактикасы ұнап тұр – ол мені танымайды екен. Кешірім сұраудың орнына, мені мүлде танымайтындай, тіпті басқа адам туралы айтқандай кейіп танытып отыр», – деді Сатжан.

Одан бөлек журналист әлеуметтік желіде жеке басқа өтіп, балағат сөздер жазатындарға қатысты кеңес берді. Журналист мұндай жағдайдың бәрін нотариус арқылы бекітіп алуды ұсынды.

«Желіде жанжалдасып, жауап берудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайды нотариуста бекітіп алу керек. Нотариустарда осындай қызмет түрі бар. Сайт, пост өшіп, тікелей эфир өшіп қалса да, алаңдамаңыз. Сараптамаға беріп, балағат сөз екенін дәлелдей аласыз. Содан кейін сотқа бара аласыз», – дейді Сатжан.

Бұған дейін тележүргізуші кез келген дауды заң аясында шешуге болатынын айтып, сотқа жүгінгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз