Қаржыгерлер теңгені сыртқы капитал қолдап отырғанын айтты

Жарияланды 6 Тамыз 2026 17:28

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: shutterstock

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, шілдеде шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға салған қаржысы 92,2 млрд теңгеге өсіп, 2,6 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері олардың салымы 32,9%-ға ұлғайған. Бұл шетелдіктердің жоғары пайыз ұсынатын теңгелік активтерге қызығушылығы сақталғанын көрсетеді.

Айта кетейік, бүгінгі саудада доллар бағасы 466,30 теңге дейін түсіп, қайта 469,0 теңгеге жетті.

Қаржыгерлер мұны импорттық келісімдер мен сыртқы қарыздар бойынша төлем жасайтын компаниялардың долларға сұранысы артуымен байланыстырады.

Дегенмен теңгенің әлсіреуін Ұлттық банктің валюта сатуы, экспорттаушылардың долларлық түсімді айырбастауы және квазимемлекеттік компаниялардың нарыққа валюта шығаруы тежеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз