Полиция Канье Уэсттің концертіне жалған билет сатушыларды ұстады

Жарияланды 6 Тамыз 2026 20:54

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Полиция Канье Уэсттің концертіне жалған билет сатушыларды ұстады / Фото: instagram.com/duslerkumasdekorasyonantalya, бильд-редактор: Дастан Шанай

Канье Уэст атымен танымал американдық рэпер Ye-нің Қазақстандағы концертіне бір апта қалды. Өнер көрсету 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтеді, ал оқиға айналасындағы қарбаласпен бірге алаяқтар да белсенді болды.

Алматы қалалық полиция департаменті хабарлауынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде қызметкерлер концертке билет сату туралы хабарландыру орналастырған жас жігітті анықтады. Oл алаяқтық схемасын аяқтап үлгермеді. Полиция оның әрекетін өз уақытында тоқтатты және ықтимал сатып алушылар зардап шекпеді.

Полицияда бұл ірі музыкалық оқиға алдындағы күшейтілген бақылаудың нәтижелерінің бірі ғана екенін атап өтті. Қазіргі уақытта қызметкерлер жалған билеттерді сату әрекеттері мен басқа да алаяқтық схемаларды анықтау үшін әлеуметтік желілерді, хабарландыру сайттарын және басқа да интернет-площадкаларды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.

«Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын билеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырады», – деп еске салды Алматы қалалық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары «тиімді» бағалар мен шұғыл алдын ала төлем ұсыныстарына алданбауды ұсынады, өйткені ірі іс-шаралар қарсаңында интернет-алаяқтар жиі осындай схемаларды пайдаланады.

Бұған дейін, First Media Group Канье Уэсттің концертә 14 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетінін  хабарлаған еді.  

Сондай-ақ оқыңыз