Дариға Бадықова қалай байып кеткенін түсіндірді

Жарияланды 7 Тамыз 2026 11:45

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/dariga_badykova, бильд-редактор: Дастан Шанай

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова байлыққа қалай кенелгенін атады. Оның пікірінше, бұған еңбек пен интуиция арқылы қол жеткізген.

Ол лезде байып кетті деген пікірлерді жоққа шығарып отыр.

«Бадықова тез байып кетті деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Жасырмаймын, интуициям алыстан сезеді. Қаншама ұйқысыз түндер болды. Қорғансыз күндерім болды. Барлық шешімді өзім шығарып, «дұрыс па, бұрыс па» деп қорыққан кездерім болды», – дейді Дариға Бадықова.

Оның ұстанымынша, ең бастысы, адалдық. Ешкімді құнсыздандырмай, мән-жайды біліп отырған. Сондықтан жиырма жылда еңбектің нанын жеу орынды нәрсе.  

«Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Кеудемде жаным бар екенін, осы өнер арқылы біраз жерге барғанымды туып өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем, алмаймын», – дейді актриса.  

Мұның алдында танымал актриса кезекті ауқымды киножобасының басталғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз