
Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаеваның тұрмысқа шыққанына екі жыл болды. Жары екеуі сол сәтті қайта еске түсірген.
Бұдан екі жыл бұрын күйеуі АҚШ-та, Тынық мұхиты жағалауында үйленуге ұсыныс жасаған.
«Жаным, мына жер есіңде ме? Осы жерде саған ұсыныс жасаған едім» деп сұрады әншінің жары.
«Иә, есімде. Дәл осы Тынық мұхитының жағасында, дәл осы біз тұрған жерде екі жыл бұрын менің жаным маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасады. Ана жерде маяк, мына жерде тынық мұхиты, толқын. Дәл осылай самал жел есіп тұрған. Күн дәл осылай жарқырап тұрды. 2024 жылдың 2 ақпанында ұсыныс жасады. 23 ақпанда Беверли-хиллс ауданында, әкімшілікте қол қойдық. 8 наурызда палиссейстердің мешітінде некеде тұрдық. Уақыт қалай тез өтіп жатыр», – деді актриса.
Мұның алдында Айгүл Иманбаева күйеуінен жырақтап, неліктен шетелде тұрып жатқанын түсіндірген еді.