Еркебұлан Тоқтар неге екі гелик алғанын түсіндірді

Жарияланды 12 Тамыз 2026 14:47

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Еркебұлан Тоқтар тағы да немістің аңызға айналған люкс жол талғамайтын көлігі Гелендваген сатып алды.

Бұл көлік ел аузында гелик деп аталады. Актер әрі жауынгер неге екі бірдей осы көлік маркасын сатып алғанын түсіндірді.  

«Сендерді «мынау неге екі Гелик мініп алған» деген сұрақ мазалап жатыр ғой. Олардың түрі бірдей болғанымен, мен мініп жүрген 1999 – 2019 жылғы гелик. Кешегі сатып алғаным – 2024 жылғы. Жаңарақ», – деп күлді Еркебұлан Тоқтар.

Айтуынша, актер оны аяқ астынан сатып алған. Өйткені асығыс сатылған. Сондықтан бағасы өте тиімді болған.

«Соңғы ақшама сатып алдым. Басқа ақша жоқ менде. Сондықтан 2019 жылғы геликті сатамын. Шындығында маған екі геликтің керегі жоқ», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Айта кететін жайт, оның жас жігіттің анасының еміне 50 мың доллар бергені Орталық Азия халықтарын қатты сүйсіндірген.

Сондай-ақ оқыңыз