
12 тамызда Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың сату бағасы 467 теңге маңына түсті. Алматылық айырбастау орталықтарының мәліметі бойынша, сағат 15:48-де АҚШ валютасын 464,5 теңгеден сатып алып, 467,1 теңгеден сатып жатыр. Қазақстан Ұлттық банкінің бүгінгі ресми бағамы – 465,74 теңге.
АЛМАТЫДАҒЫ БАҒАМ
Валюта айырбастау бағамы
Онлайн
Валюта
Сатып алу
Сату
USD
АҚШ доллары
464,5
₸
467,1
₸
EUR
Еуро
535
₸
540
₸
RUB
Ресей рублі
5,39
₸
5,51
₸
CNY
Қытай юані
68,9
₸
71,3
₸
НАРЫҚТАҒЫ БАҒАМ
Биржадағы доллар бағамы
USD/KZT
USD/KZT · нарықтағы соңғы қолжетімді баға
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы
Ал 6 тамыздағы көрсеткішпен салыстырғанда доллар айтарлықтай арзандаған. Сол кезде айырбастау пунктінде оны сатып алу бағасы 468,9 теңге, сату бағасы 471,5 теңге болған. Яғни алты күн ішінде доллардың сату бағасы 4,4 теңгеге төмендеді.
Басқа валюталар бойынша да өзгеріс бар. Еуро 535–540 теңге, Ресей рублі 5,39–5,51 теңге, Қытай юані 68,9–71,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.