
Қарағандылықтар мен әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары үшін қуанышты жаңалық. Тамыз айының соңында өңірде өтетін дәстүрлі Кеншілер күні мерекесінің басты қонағы ретінде әйгілі өнерпаз сахнаға шығады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Аталған шараны «Qarmet» компаниясы ұйымдастырып отыр. Мерекелік бағдарлама аясында компания бес бірдей қалада — Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Қаражалда ауқымды шаралар өткізуді жоспарлаған.
Концерт 29 тамыз күні сағат 18:00 де Қарағанды қаласында Әшімов көшесі бойындағы Жаңа алаңда өтеді.
Ауқымды кеште Димаштан бөлек, Дима Билан мен Қайрат Нұртас та өнер көрсетеді.