Несие бюросына нақты ақпарат бермегені үшін Alatau City Bank-ке айыппұл салынды

Жарияланды 14 Тамыз 2026 12:46

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: kursiv.media архиві

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Alatau City Bank-ті несие бюросына бұрмаланған ақпарат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Банкке салынған айыппұл сомасы 865 мың теңгені құрайды, деп жазады Kursiv.Media.

Тиісті шешімді 13 тамыз күні агенттіктің Павлодар қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы қабылданған.

Заңнамаға сәйкес, бұл факті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 208-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Банк салынған айыппұлды 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін өтеуге тиіс.

 Alatau City Bank Қазақстандағы ең бай кәсіпкер – Вячеслав Кимге тиесілі. 2025 жылы маусымда Jusan Bank ресми түрде атауын өзгертіп, Alatau City Bank атанды. Осыдан бір ай өткен соң Ким ресми түрде қаржы ұйымын Ғалымжан Есеновтен сатып алды.  

Бұған дейін банк құпиясын жариялағаны үшін Home Credit Bank-ке екі рет айыппұл салынған.

Сондай-ақ оқыңыз