Канье Уэсттің Алматыдағы концерті ертеңге ауыстырылды

Жарияланды 14 Тамыз 2026 21:27

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Канье Уэсттің Алматыдағы концерті ертеңге ауыстырылды / Фото: Kursiv.Media, Максим Скопин

Америкалық рэпер YЕ (Канье Уэст) беруі тиіс болған Алматыдағы Орталық стадиондағы концерт ертеңге ауыстырылды, деп хабарлайды Kursiv.Lifestyle.

Алматыда жарықтың сөнгеніне, ауа райына бұзылғанына қарамастан, көрермендер стадионға жиналып, концертті күткен.

Шамамен сағат 19:30-да дауылды жел соғып, жай оты жарқылдап, нөсер жаңбыр жауды. Бірақ көрермендер ағыны тоқтамады. Концерттің басталуына жарты сағат қалғанда жаңбыр басылды.

Фото: Kursiv.Media, Максим Скопин

Алайда сағат 21:00-ден кейін жиналған көрермендерге концерттің ауыстырылғаны хабарланды.

Ұйымдастырушылар концерттің қауіпсіздік мақсатында ауыстырылғанын хабарлады.

Канье Уэст те X желісіндегі парақшасында концерттің кейінге қалдырылғанын растады. Ол ауа райы жағдайына байланысты шоудың келесі күнге ауыстырылғанын хабарлады.

«Алматы тұрғындарына. Ауа райы жағдайларына байланысты бүгінгі концерт ертеңге ауыстырылады. Денсаулық пен қауіпсіздік – ең басты орында. Ертең жүздескенше», – деп жазды әртіс.

Рэпердің концертіне билеттер 120 мыңнан 350 мың теңгеге дейін тұрған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Kursiv LifeStyle стадионда болып, қазір сахна сыртында не болып жатқанын біліп қайтқан еді.

14 тамыз сағат 14:38-де Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр қуатының жаппай өшуіне Орталық Азияның энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз