Италияда демалып қайтқан Ерке Есмахан спагетти мен пиццадан жалыққанын айтты

Жарияланды 17 Тамыз 2026 16:53

Торғын Қабен

Торғын Қабен

фото: instagram/erke_esmahan

Жұлдызды жұп Райм мен Ерке Италиядағы демалысынын оралды, деп жазады Kursiv.Media.

Әншінің стористеріне қарағанда демалыс тамаша өткен. Күнге қыздырынып, суға шомылған. Қала аралап, шопинг жасап. Бір сөзбен айтқанда италияша рахаттану, асықпай өмір сүру философиясын сипаттайтын туристік «Dolce Vita» (Тәтті өмір) концепциясын өн бойынан өткізіп қайтқан.

«Барлығына Аллаға сансыз шүкір!», – дейді Ерке тағдырына ризашылығын жеткізіп. Тағы бір сөзінде «бақытты болуды таңдағанын, қалғаны жай ғана фон» екенін атап өткен.

Өнерлі отбасы Алматыға орала салысымен ет асып, балаларымен қауышып, мауқын басқан.

«Пицца мен спагеттиден кейін менің бүгінгі бешбармағым дәл кетті»,– дейді әртіс.

Бұған дейін, Ерке Есмахан 9 әннен тұратын жаңа «Дауыс» атты альбомын шығарғаны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз