
Атақты голливуд актері Брюс Уиллис қызы Таллула Уиллис пен музыкант Джастин Эйсидің тойына қатысты. Отбасылық мерекеде түсірілген суреттерді Vogue журналы жариялады, деп жазады Kursiv.Media.
Салтанатты іс шара 8 тамызда отбасының Айдахо штатындағы Сан-Вэлли ранчосында өтті. Жинақталған фотосуреттерде актердің жас жұбайлармен бірге суретке түскенін көруге болады.
2023 жылы Брюс Уиллиске фронтотемпоральді деменция диагнозы қойылғанын кейін, актер ел алдына шығуды мүлде тоқтатқан еді. Бұған дейін туыстары оның афазия дерттеріне шалдыққанын мәлімдеген болатын.
Әкесінің тойға қатысуы Таллула үшін өте маңызды болды. Бұған дейін ол әкесінің денсаулығына байланысты қатты уайымдағанын және оның тойға қатыса алатынына сенімсіз болғанын ашық айтқан.
Мерекелік кешке Деми Мур мен Таллуланың әпкелері – Румер және Скаут Уиллис те қатысты.