Сара Амангелді Нұржан Керменбаевтың концертіне дайындалып жатыр

Жарияланды 18 Тамыз 2026 10:08

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: instagram

Танымал әнші әрі актриса Сара Амангелді үлкен сахнаға қайта оралуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media. Өнер иесі әріптесі Нұржан Керменбаевтың алдағы концертіне қызу дайындық үстінде.

Бұл туралы Сара Амангелді өзінің Instagram желісіндегі Stories бөлімінде хабарлады. Жарияланған кадрларда екі әншінің микрофон ұстап, дайындық бөлмесінде ән шырқап жатқанын көруге болады. Фотоға «жуырда…..» деген қысқа әрі жұмбақ жазба қалдырылған.

Сара Амангелді мен Нұржан Керменбаевтың бірге айтатын «Доғар» және «Кешірдім» атты әндері бар.

Сондай-ақ оқыңыз